$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өңірлердегі лауазымды тұлғалардың «қолы таза емес» – Ерлан Қошанов

Президентпен өткен жиында Ауыл шаруашылығы министрлігіне сын айтылды

Өңірлердегі лауазымды тұлғалардың «қолы таза емес» – Ерлан Қошанов
Фото ашық дереккөзден

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ауыл шаруашылығы министрлігіндегі жемқорлық мәселесін сынға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Кеше Президентпен өткен жиында Ауыл шаруашылығы министрлігіне сын айтылды. Бұл қанша жылдан бері жалғасып келе жатқан жемқорлық. Бірінші кезекте субсидияға байланысты. Бұлай болу себебі, жергілікті жерлердегі лауазымды тұлғалардың «қолы таза емес». Екіншіден, біздің заңдардың жемқорлыққа тосқауыл қоя алмағандығынан. Бүгін осы мәселе бойынша депутаттық сауал жолдана ма деп түсіп едім. Өкінішке орай болмады, - деді Мәжіліс төрағасы.

Өз сөзінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасының екінші оқылымда министрлікпен бірлесіп, сол жағдайларды қайтадан қайталамау үшін заң тұрғысынан қандай тосқауыл қою керек екенін қарастыруды ұсынды.

Серіктес жаңалықтары