$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.09.2019, 09:24
Жаңалықтар

«Үсік, қар және көктайғақ»: синоптиктер елімізде күннің суытатынын болжады

Түркістан және Қызылорда облыстарында күн суытады

«Үсік, қар және көктайғақ»: синоптиктер елімізде күннің суытатынын болжады
NewsOne

«Қазгидромет» синоптиктері 30 қыркүйекте республиканың басым аумағы жауын-шашынды болатынын айтты. Өңірлерде жел күшейіп, жаңбыр соңы қарға ұласады деп күтілуде.

Еліміздің шығысы мен оңтүстігі және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады.

Түркістан облысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрып, кей елдімекендерде тұман түседі. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

ШҚО пен Павлодар облысында да күшті жел тұрып, тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының кей жолдарында көктайғақ болады деп күтілуде.

Алматы мен Жамбыл облыстарында күн күркіреп, найзағай ойнайды. Алматы облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы секундына 17-22 метрге дейін жетеді. Жамбыл облысына тұман түседі.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында да күн суытады. Қызылорда облысында түнде ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді.

Серіктес жаңалықтары