$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы тағайындалды

Ол 1965 жылы Павлодар облысында дүниеге келген

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы тағайындалды

Нұрсерік Шәріпов Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 31 қаңтардағы Жарлығына сәйкес Нұрсерік Шәріпов Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалды.

Нұрсерік Кәрімұлы Шәріпов 1965 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік университетінің әкімшілік құқық кафедрасының ассистенті болып қызмет атқарды.

  • 1992 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының азаматтық және рақымшылық жөніндегі бөлімінің аға референті.
  • 1995 жылы Алматы қаласы Фрунзе ауданының халық сотының судьясы болып сайланды.
  • 1996-2007 ж.ж. – Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы.
  • 2007 жылы – Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы
  • 2008-2010 ж.ж. – Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы.
  • 2010-2012 ж.ж. – Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы.
  • 2012-2017 ж.ж. – Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы.
  • 2017 жылы – ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы.
  • 2018-2021 ж.ж. – Қарағанды облыстық сотының төрағасы.
  • 2021 жылдың желтоқсанынан бастап осы тағайындауға дейін ҚР Жоғарғы Сотының судьясы болып қызмет атқарды.

«Ерен еңбегі үшін», «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «Құрмет» орденімен және бірқатар мерекелік медальдармен марапатталған.

Серіктес жаңалықтары