$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауыл шаруашылығына бөлінген қаражатты жымқырғандар қолға түсті

Қазақстанда бірнеше шенеунік ауыл шаруашылығына бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікпен ұсталды

Ауыл шаруашылығына бөлінген қаражатты жымқырғандар қолға түсті
Фото ашық дереккөзден

Шенеуніктер Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында ұсталды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Владимир Галамазян уақытша қамау изоляторына жабылды.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Жамбыл облысы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары Ерлан Күлкеевті Таразда қолға түсірген.

Бұдан өзге, Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтыбай Ізімбетов те Антикордың қолына түскен.

Дереккөзге сүйенсек, үш шенеунік те ауыл шаруашылығына бөлінген субсидиядан қаражат жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Серіктес жаңалықтары