Алматыда шетелдік көліктерді тіркеп беремін деп жұртты алдаған алаяқ қолға түсті
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында
Алматыда шетелдік көліктерді тіркеп беремін деп жұртты алдаған алаяқ ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, И.есімді ер адам «сарафандық радио» әдісі арқылы шетелдік көлікті тіркеуден өткізгісі келетіндерді тауып, кедендік рәсімдеусіз жасауға уәде берген. Ер адам өз қызметін 700 мың теңгеге бағалаған.
«Күдікті қамауға алынды. Ол алдаудың төрт фактісін мойындады. Оның әрекетінен келтірілген жалпы шығын шамамен 2,5 млн теңге. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Мейірхан Жаңабаев.
Полиция өкілінің айтуынша, күдікті осыған ұқсас бап бойынша сотты болған.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында.