Жұмыстың едәуір бөлігін проактивті форматқа көшіруге болады − Тоқаев
Партияның ел бойынша 238 қабылдау кеңсесі бар
Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде Президент жұмыстың едәуір бөлігін проактивті форматқа көшіруге болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, өтініштерді талдау негізінде алдын ала жүйелі проблемаларды анықтап, олар туралы партия басшылығына немесе ақыр соңында Үкіметке сигнал беруге болады.
«Қоғамдық қабылдауларды іске қосу керек. Партияның ел бойынша 238 қабылдау кеңсесі бар, бірақ олардың жұмысы онша көрінбейді. Бұл ретте, азаматтардың барлық өтінішін жіті бақылауда ұстау, хабардар болу маңызды. Мәселеге біржақты қараған немесе немқұрайдылық танытқан лауазымды тұлғалар Партия алдында жауап беруге тиіс. Жағдайдан кейін әрекет етпей, алдын ала білу керек», − деді Президент.