Бизнес өкілдерінің қайырымдылық жасау процесін реттейтін арнайы Жарлық шығады – Президент
Ол Қорға атсалысқан кәсіпкерлерге алғыс білдірді
«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қоры туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қорға қаржылай жарна қосқан кәсіпкерлерге алғысымды білдіремін. Осылайша сіз еліміздің көмекке мұқтаж азаматтарына қатысты азаматтық жауапкершілік танытасыз. Сонымен қатар, олигополияның бір бөлігі, кейбір танымал бизнесмендер Мемлекет басшысының бастамасымен өткізілетін қайырымдылық акциясына қатысуға асықпайды. Бұл сараңдық па, нигилизм бе, жалқаулық па, әлде немқұрайдылық па? Қалай болғанда да, бұл сұраққа толық жауап алу үшін мемлекеттің толық өкілеттігі бар. Мен өз тарапымнан ірі бизнес өкілдерінің қайырымдылық жасау процесін реттейтін арнайы Жарлық шығаруды жоспарлап отырмын», − дейді Президент.