$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Nur Otan басшылығында қалуым туралы мәселені қайта қарауымыз мүмкін»

Бұл туралы партияның кезектен тыс ХХІ съезінде айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Nur Otan басшылығында қалуым туралы мәселені қайта қарауымыз мүмкін»

Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Nur Otan басшылығында қалуы туралы мәселені қайта қарауы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл ретте мен Мемлекет басшысы ретінде ашық әрі адал саяси бәсекелестіктің кепілі боламын. Менің конституциялық міндетім – биліктің барлық тармағының келісіп әрекет етуін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету», - деген Президент бұл жайт оның кез келген партиялар мен қозғалыстардың қызметінен алшақ болу керектігін меңзейтінін ескертті.

«Сондықтан біраз уақыттан кейін, мүмкін, осы жылдың соңына қарай, Nur Otan-ға одан әрі төрағалық етуімнің орындылығы туралы мәселеге қайта оралуымыз мүмкін», - деді Мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары