$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұр-Сұлтанда бір мектептің оқушыларын тасымалдауға бюджеттен 92 млн теңге бөлінген

Тәуелсіз сарапшы бір мектеп үшін мұның көп қаражат екенін айтады

Нұр-Сұлтанда бір мектептің оқушыларын тасымалдауға бюджеттен 92 млн теңге бөлінген
Фото ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда бір мектеп оқушыларын тасымалдауға бюджеттен 92 миллион теңге бөлінген. Қомақты қаржы мемлекеттік сатып алуда қаралып, конкурсқа жарияланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 31 арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасай отырып.

Тәуелсіз сарапшы Исатай Аңсаттың айтуынша, бір мектеп үшін бұл көп қаражат. Ал мемлекеттік сатып алуда көлеңкелік тұстар көп дейді. Себебі автобуспен қатынауға мектеп оқушыларының тек 30 пайызы мұқтаж болуы мүмкін. Көп жағдайда мектепке бала сол маңайдан жаяу қатынайды немесе ата-анасы тасымалдайды дейді.

 «Менің ойымша 70-80 пайыз балалар жаяу барады мектепке. Неге? Өйткені олар сол маңайда тұрады. Ол маңайда тұрамайтын ата-аналардың балалары да бар шығар. Басқа аудандардан қатынап отырған. Бірақ менің ойымша олар көп болса 15, әрі кетсе 30 пайыз шығар», - дейді сарапшы Исатай Аңсат.

Ал мектеп басшылығы мұнымен келіспейді. Айтуларынша, мектеп қаладан шалғай орналасқан. Қазір мың жарым оқушы арнайы автобустар арқылы қатынайды дейді. Мәселенің шешімін табуды ата-аналардың өзі сұраған. Қалалық білім басқармасының мәліметінше мемлекет тарапынан бөлініп отырған ақша автобустың санына қарай есептелген. Алда қашықтан оқу жүйесіне көшкен жағдайда жыл соңына қарай қаражат үнемделіп, бөленетін сома өзгереді.

Серіктес жаңалықтары