$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алғаш рет қылмыс жасағандарды бас бостандығынан айыру жазасын басқа шарамен алмастыруды сұраймын – Эльвира Әзімова

Азаматтардың көбінде жаппай митингілерге қатысу өз пікірін ашық білдіруге негізделген мәжбүрлі қадам болған

Алғаш рет қылмыс жасағандарды бас бостандығынан айыру жазасын басқа шарамен алмастыруды сұраймын – Эльвира Әзімова
Фото ашық дереккөзден

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова Бас Прокуратурадан қаңтар трагедиясы кезінде алғаш рет қылмыс жасағандарды бас бостандығынан айыру жазасын басқа шарамен алмастыруды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысы елдегі жаппай митингілердің себебі әлеуметтік, экономикалық және саяси проблемалардың шешілмеуі болғанын атап өтті. Азаматтардың көбінде жаппай митингілерге қатысу өз пікірін ашық білдіруге негізделген мәжбүрлі қадам болған. Бірақ мұндай қадам зорлық-зомбылық және қиратуға қатысқандар мен қару қолданғандарды ақтамайды», - деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысының жыл басында бейбіт митингілер мәдениетін қамтамасыз етудің маңыздылығын айтқанын еске салды.

«Сондықтан жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуына байланысты қылмыстық қудалау орбитасына алғаш рет енген азаматтарға ауырлық дәрежесін ғана емес, олардың жеке басын, шын жүректен өкінетінін ескеруді сұраймын. Кінә дәлелденген жағдайда бас бостандығынан айыру жазасының орнына балама қылмыстық жазалау шараларын қарастыруды сұраймын. Әрине, бұл тұрғыда да тиімді тергеу жүргізуге көмек тигізуіміз керек», - деді Эльвира Әзімова.


 

 

Серіктес жаңалықтары