$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан компанияларын қазақстандық нарыққа шақырды

Қазақстан президенті Орталық Азия үшін ақпараттық технологиялар мектептерін ашуды ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан компанияларын қазақстандық нарыққа шақырды

Бүгінде жасанды интеллект, Big data, интернет-заттар, онлайн-коммерция және киберқауіпсіздік сияқты салаларды дамыту үлкен сұранысқа ие. Қазақстанда телекоммуникация, электрондық өнеркәсіп, сондай-ақ электрондық техниканы құрастыру өндірістері саласындағы зертханаларды құру жөніндегі жобалар алға басып келеді. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндістандық компанияларды бірге тәжірибе алмасуға шақырды.
Президент «Орталық Азия-Үндістан» саммитінде IT - мамандарды даярлауға қатысты жоспарларына тоқталып өтті.
 «Біз осы бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастыққа дайынбыз. Үндістан компанияларын қазақстандық нарыққа шақырамыз. Мен Қазақстан халқына Жолдауымда 2025 жылға қарай кемінде 100 мың жоғары білікті IT - мамандарды даярлау міндетін қойдым. Осыған байланысты бізге Үндістанның IT және инженерлік кадрларын оқытудағы бай тәжірибесі де қызықты. Практикалық қадам ретінде «Астана Хаб» халықаралық IT-стартаптар технопаркі базасында Bagmane технологиялық паркімен және басқа да үнді IT-мамандарымен бірлесіп, Орталық Азия үшін инженерлік кеңсе және ақпараттық технологиялар мектептерін ашуды ұсынамыз», - деді Мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары