$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда арнайы экономикалық аймақ көрсеткіші есепке алынбаған – Есеп комитеті

Қарағанды облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді

Қарағандыда арнайы экономикалық аймақ көрсеткіші есепке алынбаған – Есеп комитеті
Фото ашық дереккөзден

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы маусымда арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Аудит барысында аумақтарды дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламаларында өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға арнайы экономикалық аймақтың әсерін сипаттайтын цифрлық және сапалық көрсеткіштер қамтылмағаны анықталды, бұл АЭА қызметі мен дамуынан түскен үлесті айқындауға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты Қарағанды облысының әкіміне өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған «Сарыарқа» АЭА-ның даму көрсеткіштерін қамту бөлігінде Қарағанды облысын дамытудың бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды», − делінген Есеп комитетінің хабарламасында.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін Қарағанды облысы мәслихатының 2021 жылғы 9 желтоқсандағы IХ сессиясының шешімімен «Өндіріс, сауда, және логистика – экономика орнықтылығының үштігі» бағыты бойынша «Сарыарқа» АЭА-ның аумағында жобаларды іске асыру шеңберінде негізгі капиталға инвестицияларды тарту» нысаналы индикаторын көздейтін Қарағанды облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.

Серіктес жаңалықтары