27.01.2022, 14:21
Жаңалықтар
БҒМ онлайн университет ашуды жоспарлап отыр
Жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттар саны 5 мыңға артады
Фото ашық дереккөзден
ҚР Білім және ғылым министрлігі алғашқы онлайн-университеттерді ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚР БҒМ білім беру жүйесіне оқытудың жаңа құралын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жаңа форматта – онлайн оқыту туралы. Елімізде алғашқы онлайн-университеттер ашылады», - деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Оның айтуынша, жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттар саны 5 мыңға артады, олардың 60%-ы техникалық мамандықтар бойынша бөлінеді.
Қуаныш Ерғалиев сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау және реформалау бойынша жұмыс басталғанын атап өтті.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады