$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жүргізуші куәлігін жасап беремін деп алматылықтарды алдаған ер адам ұсталды

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Жүргізуші куәлігін жасап беремін деп алматылықтарды алдаған ер адам ұсталды
polisia.kz

Жүргізуші куәлігін жасап беремін деп алматылықтарды алдаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

25 жастағы азамат бейтаныс адамдарды көлік жүргізу куәлігін жасай алатынына сендіре отырып, олардан ақшаларын алып, жасырынған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Күдіктінің осыған ұқсас бірнеше фактіге қатысы бар екені анықталды.

«Біздің бөлімшеге бірден бірнеше адам хабарласты. Олардың айтуынша, күдікті сенімдеріне кіріп, жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп уәде еткен. Әр “клиенттен” 150 мың теңге көлемінде сыйақы алған. Алайда жәбірленушілер құжаттарын да, ақшаларын да қайтарып ала алмады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Күдіктінің осыған ұқсас бірнеше фактіге қатысы бар екені белгілі болды. Қазіргі уақытта тоғыз эпизод ресми түрде тіркелді.  Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – дейді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

 

Серіктес жаңалықтары