26.01.2022, 05:23
Жаңалықтар
Алматыда жолдан жүгіріп өтпек болған ер адам қайтыс болды
Ер адамның жеке басы анықталу үстінде
Фото ашық дереккөзден
Алматыда жолдан жүгіріп өтпек болған ер адамды көлік қағып, қайтыс болды. Қайғылы оқиға Сейфуллин даңғылының бойында Жансүгіров көшесіне жетпей орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Honda Odyssey маркалы автокөлік Сейфуллин даңғылы бойымен солтүстік бағытта келе жатқан.
Жансүгіров көшесіне бірнеше метр қалғанда жолға ер адам жүгіріп шығады. Жүргізуші тежегішті басқанымен, бәрі кеш еді.
Ауыр соққы салдарынан жаяу жүргінші бірнеше метрге ұшып кетті. Ол алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Марқұмның ішімдік қолданғаны анықталды. Ер адамның жеке басы анықталу үстінде.
Оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп жатыр.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды