$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда бизнес өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын талқылады

Алматы кәсіпкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын талқылауға белсенді қатысуда

Алматыда бизнес өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын талқылады

Алматы қаласы әкімдігінің алаңында бизнес өкілдерімен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын талқылау бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шараға қала кәсіпкерлері, оның ішінде түрлі қызмет салалары бойынша ірі, орта және шағын бизнес өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП басшылары қатысты.

Кездесуді ашқан қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бизнес-сала өкілдерінің стратегиялық құжатты талқылауға қатысуының маңыздылығын атап өтіп, қаланың бизнес ахуалын жақсарту мақсатында одан әрі табысты ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Іс-шара барысында Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мұрат Ахметов 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын таныстырды.

«Тұжырымдаманың маңызды басымдықтарының бірі адал бизнесті дамыту болып саналады. Тұжырымдама жобасында бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуге ынталандыру көзделеді. Корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ерекше назар аудару қажет», - деп атап өтті Мұрат Ахметов.

Кездесу соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, парасатты бизнесті ынталандыру бойынша ұсынылған нұсқаларды талқылап, тұжырымдама жобасына ұсыныстар айтты.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері бизнес-қоғамдастықтың барлық идеялары мен ұсыныстары ескерілетінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #бизнес