$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Зейнетақы мен жәрдемақыны бес жыл бойы иеленіп келген: Қарағандыда қарттар үйінің қызметкерлері ұсталды

1,3 млн теңге көлеміндегі ұрланған қаражатты өзара бөлісу кезінде қылмыс үстінде ұсталды

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды  облысы бойынша аумақтық департаменті «Qamqor» жедел алдын алу іс-шарасы аясында қарттар үйі тұрғындарының, солардың ішінде 30 мүгедектердің және 60 зейнеткерлердің  зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлаудың қылмыстық схемасы анықталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазпошта» филиалының қатысуымен 5 жыл бойы қарттар үйінің қызметкерлері зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған жәрдемақы мен зейнетақыны өздеріне иелеген.

Осы жылдың 18 қаңтар күні пәтерлердің бірінде жедел-iздестiру іс-шарасының нәтижесінде қылмыскерлер 1,3 млн теңге көлеміндегі ұрланған қаражатты өзара бөлісу кезінде қылмыс үстінде ұсталды.

Іс жүзінде бұл ақша осы жылдың қаңтар айында 25 зейнеткер мен мүгедекке төленетін әлеуметтік төлемдерге арналған», - делінген ведомство хабарламасында.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары