«Самұрық-Қазынаға» тиесілі компаниялар IPO арқылы қашан сатылатыны белгілі болды

Шетелдіктердің де сатып алу мүмкіндігі бар

«Самұрық-Қазынаға» тиесілі компаниялар IPO арқылы қашан сатылатыны белгілі болды

QAMS басқарушы кеңесі жолдаған үндеуде Қазақстанның қор нарығына мемлекеттің қатысуы бар компаниялар акцияларының 10-25%-ын IPO арқылы орналастыру ұсынылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Самұрық-Қазына» қорының мәліметінше, «Air Astana» компаниясы 2022 жылдың бірінші жартысында, «ҚазМұнайГаз» комапниясы 2022 жылдың екінші жартысында, QazaqGaz (бұрынғы ҚазТрансГаз) 2023 жылы, ҚТЖ — 2023 жыл, Қазпошта – 2023 жылы стратегиялық инвесторға сатылады, ал «СамұрықЭнерго» 2025 стратегиялық инвесторға сату жоспарлануда, бірақ IPO болуы мүмкін, «Тау-Кен Самұрық» компаниясы жекеге шықпайтын болды.

Айта кетерлігі, «ҚазМұнайГаз» және «Air Astana» акциялары тек қана «Халықтық IPO» форматында емес, халықаралық және жергілікті капитал нарығында институционалдық білікті инвесторлардың (оның ішінде жаһандық) қатысуымен, еркін айналымдағы бағалы қағаздардың тиісті көлемі және олардың өтімділік деңгейі кезінде қаралады. Яғни, шетелдіктердің де сатып алу мүмкіндігі бар.

«Самұрық-Қазына» үлесі халықаралық капитал нарықтарында да, сондай-ақ AIX және KASE Қазақстандық биржаларында да институционалдық және бөлшек инвесторлар арасында саудаланады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.