24.01.2022, 12:22
Жаңалықтар
«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы тағайындалды
Бүгінге дейін «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының басқарушы директоры қызметін атқарып келді
«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы лауазымына Әнуар Жанғозин тағайындалды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнуар Жанғозин 1986 жылы дүниеге келген. Ол М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Математика» мамандығы бойынша, ал «Назарбаев Университетінің» магистратурасында «Білім беруді басқару» мамандығы бойынша білім алған.
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
- 2008-2011 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» әдістемелік процесс департаментінің менеджері, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.
- 2011 жылдан 2016 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» математика пәнінің мұғалімі, директор қызметін атқарған. 2017-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы болды.
- Ал бүгінге дейін «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының басқарушы директоры қызметін атқарып келді.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Көп оқылған
22.03.2026, 07:16
Тұман мен көктайғақ: 22 наурызға Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
23.03.2026, 00:11
«Алла адамға сынақ қана емес, сыйлық та береді»: Құрбысы көлік сыйлаған Мөлдір Мұқанова жылап қалды (ВИДЕО)
22.03.2026, 13:17
Әскери ансамбль қазақстандықтарды «Наурыз» әнімен құттықтады (ВИДЕО)
22.03.2026, 16:12
23 наурыз күні ауа райы қандай болады
22.03.2026, 17:55
Танымал вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты
22.03.2026, 15:44
Ұлттық нақышта безендірілген пойыздар жолға шықты