$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында үй карантинін бұзғандарға 27 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Өңірде «Ashyq» қосымшасының бүкіл жұмыс кезеңінде 2304 карантин бұзушы анықталған

Ақмола облысында үй карантинін бұзғандарға 27 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысында үй карантинін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 522 әкімшілік айыппұл салынды, оның жалпы сомасы 27,6 миллион теңгеден асады. Бұл туралы Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас санитардың айтуынша,  Ақмола облысында «Ashyq» қосымшасының бүкіл жұмыс кезеңінде 2304 карантин бұзушы анықталды. Оның 599-ы «сары» мәртебесімен және 1705-і «қызыл» мәртебесімен. Бұл адамдар кәсіпкерлік объектілеріне жіберілмеген, үй карантинін сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген, сондай-ақ карантиндік шектеу шараларын сақтау үшін анықталған адамдардың тұрғылықты жері бойынша ақпарат жіберілген.

Үй карантинін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 522 әкімшілік айыппұл салынды, олардың жалпы сомасы 27605769 теңгені құрады.

«Ведомствоаралық комиссияның отырысында карантин мерзімін 10 күнге дейін қысқарту туралы шешім қабылданды, сондай-ақ жетінші күні ПТР-тест тапсыруға және теріс нәтиже болған жағдайда жұмысқа кірісуге болады. Ақпараттық жүйелерде 20 қаңтардан бастап карантин мерзімі ВАК - та қабылданған шешімді ескере отырып көрсетіледі», - деп атап өтті өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.


 

 

Серіктес жаңалықтары