$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

"Қаңтар оқиғасында" 45 мемлекеттік ғимарат пен 306 коммерциялық нысан зардап шекті

Зардап шеккен ғимараттарды жөндеуге және қалпына келтіруге жұмсалатын жалпы шығын көлемі 28,8 млрд теңге

"Қаңтар оқиғасында" 45 мемлекеттік ғимарат пен 306 коммерциялық нысан зардап шекті
Фото ашық дереккөзден

Еліміздегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 8 қаладағы мемлекеттік органдардың 45 ғимараты және 306 коммерциялық нысан зардап шеккен. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрліктің мәліметінше, Алматы және Шымкент қалаларында, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарындағы нысандар зардап шеккен.

Әкімдіктердің алдын ала бағалауынша, зардап шеккен ғимараттарды жөндеуге және қалпына келтіруге жұмсалатын жалпы шығын көлемі 28,8 миллиард теңге.

«Оның ішінде ҚР Президентінің іс басқармасы қалпына келтіретін мемлекеттік органдардың ғимараттары бойынша залал сомасы 28,7 миллиард теңгені. Бұл жерде Президенттің Алматыдағы резиденциясы есепке алынған жоқ», - делінген хабарламада.

Жалпы келген залал көлемі әлі де нақтыланып жатыр. Ол Алматыдағы барлық жылжымайтын мүлік объектілерін толық зерттеп, бағалағаннан кейін түпкілікті анықталады.

Министрлік коммерциялық нысандарға қатысты жалпы сомасы 109,2 миллион теңге болатын жөндеу жұмыстары қажет екенін айтты. Бұл санаттағы залал негізінен тауарлардың бүлінуі мен жоғалуына байланысты екен.

Жалпы ел бойынша ғимараттарды жөндеуге кеткен шығын мен мүліктің бүлінуін қоса есепке алғанда 136,8 миллиард теңге.

 

Серіктес жаңалықтары