$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда лифт құлап, бір адам қаза тапты

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда лифт құлап, бір адам қаза тапты
Фото ашық дереккөзден

Қарағандыдағы жекеменшік емханалардың бірінде лифт құлап, бір адам қаза тапты. Тағы екі адам ауыр халде ауруханада жатыр. Бұл туралы Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«19 қаңтар күні сағат 12:30 шамасында Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың жедел жәрдем бөліміне зардап шегуші екі адам жеткізілді. 1948 жылы туған ер адам мен 1997 жылы туған әйел. Екі науқас жансақтау бөліміне жатқызылды», - делінген департамент хабарламасында.

Ауыр жараланған ер адамға шұғыл түрде операция жасалғанымен, қолданылған шараларға қарамастан қайтыс болған.

«Қазір осы оқиғадан зардап шеккен әйелдің денсаулығы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Науқасқа қажетті ем жасалуда», - деп мәлімдейді департаменттің баспасөз қызметі.

Ал облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары