$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында Nur Otan ғимаратын өртегендердің бірі елордада қолға түсті

Ол астанаға 9 қаңтарда келген

Жамбыл облысында Nur Otan ғимаратын өртегендердің бірі елордада қолға түсті

Елорда полициясы жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен Жамбыл облысының 35 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл туралы Azattyq Rýhy елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша ұсталған азамат Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би кентінде Nur Otan партиясы филиалының ғимаратын өртеуге қатысқан.

«Қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген ер адам 9 қаңтарда елордаға келіп, жалға алынған пәтерде тұрды. Ұстау кезінде ер адам іздеуде болған. Осы жылдың 14 қаңтарында Жамбыл облысы ПД Шу полиция бөлімі күдіктіге іздеу жариялаған болатын», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды, әрі қарай іздестіру бастамашыларына тапсырылады.

Серіктес жаңалықтары