$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тасмағамбетовтің қызы мен күйеубаласы «Қазақстан халқына» қорына 1 млрд теңге аударды

Қазақстан халқына ел үшін осы қиын уақытта көмек көрсету қажеттігі туралы шешім қабылдады

Тасмағамбетовтің қызы мен күйеубаласы «Қазақстан халқына» қорына 1 млрд теңге аударды

«Сәби» қайырымдылық қорының негізін қалаушы – Иманғали Тасмағамбетовтің күйеубаласы Кеңес Рақышев пен қызы Әсел Тасмағамбетова «Қазақстан халқына» 1 миллиард теңге аударады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Елімізде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты төтенше жағдай режимінің жариялануы, нәтижесінде жаппай тәртіпсіздік кезінде бейбіт тұрғындар зардап шекті. Сондай-ақ бизнес өкілдеріне елеулі залал келтірілуіне байланысты Қазақстан халқына ел үшін осы қиын уақытта көмек көрсету қажеттігі туралы шешім қабылданды. Біз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың осы қиын-қыстау күндерде Қазақстан халқын қолдау туралы бастамасын қолдадық», − дейді «Сәби» қорының Instagram желісіндегі жарияланған жазбасында.

Сонымен қатар, елдегі қазіргі жағдайда үкіметтік емес ұйымдар халқының әл-ауқаты мен болашағы алдында жауапкершілікгін бірдіруі керек екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары