$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қайрат» төрт ойыншысымен қош айтысты

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми хабарлады

«Қайрат» төрт ойыншысымен қош айтысты

«Қайрат» футбол клубы арадағы келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты командадағы төрт бірдей ойыншымен қош айтысты.

Олар: Ғафуржан Сүйімбаев, Стас Покатилов, Камо Оганесян және Денис Поляков. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми хабарлады.

Ғафуржан Сүйімбаев «Қайрат» футбол клубына 2016 жылы келіп қосылған болатын. Алматылық ұжым сапында 149 кездесу өткізіп, 12 гол соққан және 24 голдық пастың авторы атанған.

Стас Покатилов 2016 жылы «Қайрат» ойыншысы атанды. Алматылық команда сапында 151 кездесу өткізіп, 45 ойында өз қақпасына гол өткізбей, құрғақ сақтаған.

Камо Оганесян «сары-қаралардың» сапына 2020 жылы қосылды, 59 кездесу өткізіп, 6 гол, 5 голдық пасымен көзге түскен.

Денис Поляков «Қайрат» сапына 2020 жылы қосылған болатын, 51 кездесу өткізіп, 4 гол, 2 голдық пастың авторы атанған.

 
Серіктес жаңалықтары