Павлодарлықтар науқас анасы бар отбасыға үш бөлмелі пәтер алып берді
Аурудың салдарынан әйелге дәрі-дәрмек алуға қаржы жетпей, пәтер жалдау бойынша қарыздары жиналып қалған
Жергілікті еріктілер мен қала билігі қол ұшын созып, екі күннің ішінде пәтерге ақша жиналды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыс орталығының 33 жастағы тұрғынына дәрігерлер төртінші сатыдағы қатерлі ісік диагнозын қойған.
Аурудың салдарынан әйелге дәрі-дәрмек алуға қаржы жетпей, пәтер жалдау бойынша қарыздары жиналып қалған, бұған қоса, үш балаға киім керек болған.
Павлодарлық еріктілер облыс орталығының тұрғыны Анастасия Ставковаға қаражат жинай бастады. Әйел адам 5, 10 және 13 жастағы үш баланы тәрбиелеп отыр, оларға үйдегі шаруашылыққа зейнеткер анасын көмектесетін. Алайда, отбасы жалдамалы пәтерде тұрады, пәтерақысы да жиналып қалған.
Еріктілер Анастасияның тұрғын үй кезегінде он жыл тұрғанын айтып, жергілікті биліктен мәселені шешуді сұрады. Қала әкімі Асайын Байханов отбасына пәтер беру заң бойынша мүмкін емес екенін түсіндірді. Алайда, әкімдік шетте қалмайтынын айтып, көмек көрсету үшін демеушілер мен меценаттарды тартты.
Тұрғын үй мәселесін шешуге павлодарлықтар белсенді атысалысты. Ауыр дертке шалдыққан Анастасияға көмек көрсету үшін еріктілер 4 млн теңге жинап, шағын отбасылық типтегі пәтер сатып алғысы келген. Алайда, жомарт жандардың саны артып, сома 17 млн теңгеден асты.
«Отбасыға 17,5 млн теңгеге пәтер сатып алуды шештік. Ақшаны алып, нотариусқа құжаттарды ресімдеуге бардық. Бұл еуро жөндеуі бар үш бөлмелі пәтер. Орналасуы ыңғайлы, жақын жерде балалар оқитын мектеп бар», - деді VITA іздеу жасағының жетекшісі.
Естеріңізге сала кетейік, павлодарлық ауыр науқастың жағдайын облыстық хоспистің көшпелі қызметі бақылап отыр, себебі Анастасия ауруханаға жатқызудан бас тартқан. Әйелдің отбасы дәрігермен кез келген уақытта телефон арқылы байланыса алады. Аптасына үш рет әлеуметтік қызметкер Анастасияға келіп, үй жұмыстарына көмектеседі. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтініш жазды. Сондай-ақ, құжаттар медициналық-әлеуметтік сараптама қызметіне мүгедектік тобын екіншіден біріншісіне қайта қарау үшін жіберілді.