$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тұман, көктайғақ: «Қазгидромет» ауа райы болжамын жариялады

Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 10...18-ге дейін төмендейді

Тұман, көктайғақ: «Қазгидромет» ауа райы болжамын жариялады
Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Батыс және оңтүстік аймақтарда атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, екпінді жел мен көктайғақ, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

«Елдің қалған аумағы жоғары қысымды алаңда болады: жауын-шашынның тоқтауы, сондай-ақ ауа температурасының төмендеуі болжанады.

Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 10...18-ге дейін төмендейді, күндіз 3...11-ге дейін аяз, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде 20...28-ге дейін, күндіз 12...20-ға дейін аяз, оңтүстік өңірлерде түнде 5 аяз—5 жылы, күндіз 0...10 жылы болады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары