«Бәйтерек» 98 961,2 млн теңгені тиімсіз жұмсады – Есеп комитеті

Azattyq Rýhy

«ҚИҚ» АҚ акцияларының 100 пайызын жеке инвестор сатып алған

Фото ашық дереккөзден

Өткен жылдың наурыз айында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті республикалық бюджет қаражатын және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның квазимемлекеттік сектор активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осы аудиторлық іс-шара барысында жалпы сомасы 98 961,2 млн теңгеге бюджет қаражатын және мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану түріндегі бұзушылықтар мен кемшіліктер, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерімен салыстырғанда холдингтің еншілес ұйымдарының функциялары мен міндеттерінің қайталануы анықталды.  

«Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, Қаржы министрлігінің жанындағы «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жанындағы «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ еншілес ұйымдары функцияларының қайталануын болдырмау мақсатында жалпыұлттық жоспардың 29-тармағы бойынша талдауды ескере отырып, холдинг компаниялары тобының трансформациясын жүргізудің орындылығы мәселесін қарау ұсынылды.

Есеп комитетінің ұсынымдарын орындау үшін 2021 жылғы қарашада елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Мемлекет басшысының жолдауларын іске асыруға, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген өзгерістерге бағдарланған холдингтің 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясы өзектендірілді. Холдингтің еншілес ұйымдарының санын қысқарту мақсатында «QazTech Ventures» АҚ және «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС активтері  жеке қорлар ретінде «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ға басқаруға берілді, − делінген Есеп комиетінің хабарламасында.

Белгілі болғандай, «Мемлекеттік мүлік тізілімі» сайты арқылы бағаны көтеру тәсілімен өткізілген электрондық сауда қорытындылары бойынша «ҚИҚ» АҚ акцияларының 100 пайызын жеке инвестор сатып алған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.