18.01.2022, 15:22
Жаңалықтар
Сағынтаев бүлік кезінде қаза болған көпбалалы ананың отбасымен кездесті
Оның артында төрт баласы қалды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылық марқұм әйелдің отбасымен кездесті. Әкім көңіл айтып, көпбалалы отбасыға тұрғын үй бөлу мәселесін өз бақылауына алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
5 қаңтар күні кешке Жанар Өтегенова қаладағы келеңсіз жағдайға қарамастан көшеге шығуға мәжбүр болған – оның жаңа туған сәбиіне шұғыл түрде дәрі-дәрмек керек еді.
Лаңкестердің оғына түскен 35 жастағы әйел алған жарақатынан көз жұмды.
Оның артында жұбайы Нұрсұлтан Бүркітбаев, сол сияқты 2014, 2017, 2019 және 2021 жылдары туған төрт баласы қалды.
Ерлі-зайыптылар балаларымен жалға алынған уақытша баспанада тұрып келген.
Көп оқылған
14.04.2026, 10:39
Бет-жүзін кескілеп, адам танымастай еткен: Ақтөбеде 22 жылға сотталған қылмыскер өзін ақтап алмақ болды
14.04.2026, 15:57
«Періштесі қақты»: Ақтөбеде ер адам жүк көліктерінің ортасынан өтіп, аман қалды (ВИДЕО)
14.04.2026, 09:27
Енді қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу үшін ақылы негізде арасына 10 күн салып шексіз емтихан тапсыра алады