COVID-19: Түркістаннан басқа өңірлердің бәрі «қызыл» аймақта
Нұр-Сұлтан қаласында ауру 32 өскен

Соңғы айда коронавирус инфекциясымен ауыру 19,6 есе, репродуктивтік саны 2,1 есе өсті, COVID-19-ға тестілеудің тәуліктік көлемі 3,5 есе ұлғайды және тәулігіне 50 мың тест жасалуда. Жұқтырғандар саны көбейсе де соңғы айда өлім-жітім 2,3 есе төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрдің айтуынша Нұр-Сұлтан қаласында ауру 32 өскен, қазір тәулігіне 10 мыңнан астам ПЦР тесті тапсырылуда.
Бірақ өкінішке қарай ревакцинациялану қарқыны елде төмен көрсеткішке ие.
«Бас қалада халықты вакцинациялау қарқыны 1,5 есе және ревакцинациялау қарқыны 4 есе төмен. Ал Алматыда вакцинация қарқыны 1,6 есе және ревакцинация 3 есе төмендеп отырғанын ескертемін», - деді Ажар Ғиният.
Ведомство басшысының айтуынша коронавирустың «Омикрон» штамы көп жағдайда жеңіл және симптомсыз түрде өтеді.
«Қысқа 2 күндік жұғу кезеңмен сипатталуда, аурудың еселеп көбеюі де содан. Аурудың алғашқы белгілері тұмау мен жедел респираторлық аурулардағы сияқты «суық тию» көрінісі, яғни қызу, әлсіздік, бас ауруы, жөтел болып саналады. Бүгінгі жағдай бойынша 80%, яғни 78 629 науқас амбулаториялық ем алуда.
Сонымен қатар, министр өз баяндамасында қазір Түркістаннан басқа өңірлер, сол сияқты еліміз «қызыл» аймақта орналасқанын айтты.