Үкімет басшысы: Ең басты мақсат – халықтың табысын арттыру
«Атамекен» палатасы мородерліктен зардап шеккен бизнес субъектілерінің тізілімін жасады

Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыруда бірінші кезекте жаппай тәртіпсіздіктен қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Сондай-ақ күштік құрылымдар мен азаматтық қорғау огандарының қызметкерлеріне тиісті мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Белгілі болғандай, жаппай тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен азаматтар мен заңды тұлғалардың банктік қарыздары мен микрокредиттерін өтеу мерзімі төтенше жағдай аяқталғанға дейін шегерілді.
Үкімет басшысы «Атамекен» палатасы мародерліктен зардап шеккен бизнес субъектілерінің тізілімін жасағанын мәлімдеді. Үкіметтік және өңірік коммиссиялар жұмысын аяқтағаннан кейін республикалық және жергілікті бюджеттерден шығынды өтеу үшін тиісті қаражат бөлінбек.
«Атамекен» палатасымен бірге халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеп, қабылдау жоспарланып отыр. Біз үшін ең басты мақсат – халықтың табысын арттыру. Кез келген жоспар, бағдарлама бірінші кезекте халықтың табысын арттыруға бағытталуы тиіс. Басқарудың барлық деңгейінде жұмыстың тиімділігі дәл осы көрсеткіш бойынша бағаланатын болады. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін «жастар практикасы және алғашы жұмыс орны жобалары аясында» жалақы мөлшері мен жобаларға қатысу мерзімі ұлғаяды. Жалпы бұл жоспардың іске асрылуы қаңтар оқиғаларынан кейін елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жедел қалыпқа келтіруді қамтамасыз етеді», - деді Әлихан Смайылов.