$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жалпы шығын сомасы 112,6 млрд теңге – Алматы әкімдігі

Зардап шеккен қызметкерлерге өтемақы көлемі – 617,5 млн теңге көлемінде бекітілген

Жалпы шығын сомасы 112,6 млрд теңге – Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігі жаппай тәртіпсіздік салдарынан келген шығын көлемін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Оның ішінде бизнес субъектілері – 67 млрд теңге, шағын және орта бизнес – 42 млрд теңге, ірі – 25 млрд теңге. Ал оның ішінде азық-түлік емес дүкендер – 20,9 млрд теңге, азық-түлік дүкендері – 5,7 млрд теңге, қару-жарақ дүкендері – 6,4 млрд теңге, ломбардтар – 2,9 млрд теңге, қоғамдық тамақтану нысандары – 1,8 млрд теңге, қаржы ұйымдары – 702 млн теңге, ірі бизнес – 24,9 млрд теңге.

Әкімшілік ғимараттар – 22,6 млрд теңге: әкімдік ғимараты – 20 млрд теңге, Бас прокуратура ғимараты – 2 млрд теңге, Полиция департаменті және Полиция басқарамасының ғимараттары – 205 млн теңге, экопосттар – 163 млн теңге, медициналық нысандар – 2 млн теңге.

Материалдық-техникалық база – 16,7 млрд теңге: Полиция департаменті техникалық жабдықтау және қару-жарақ – 16 млрд теңге, ТЖД техникалық жабдықтау және қару-жарақ – 89 млн теңге, әкім аппаратының жабдықтары – 182 млн теңге, Сергек жүйесі – 250 млн теңге.

Көлік құралдарына кеткен шығын көлемі – 1,9 млрд теңге: Полиция департаменті – 1,19 млрд теңге, Төтенше жағдайлар департаменті – 435 млн теңге, Алматы тазалық – 33 млн теңге, шаруашылық басқармасы – 116 млн теңге, жеке көлік – 43 млн теңге.

Зардап шеккен қызметкерлерге өтемақы көлемі – 617,5 млн теңге көлемінде бекітілген.

Серіктес жаңалықтары