16.01.2022, 14:23
Жаңалықтар
Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылды
Қала әкімінің міндетін әкім орынбасары Жұмабек Қаражанов атқарып жатыр
Фото: azh.kz
Атырау қаласының әкімі Қайрат Уразбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыс әкімінің 14 қаңтардағы өкімімен Қайрат Уразбаев берген өтінішінің негізінде Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылған.
«Қазіргі таңда қала әкімінің міндетін қала әкімінің орынбасары Жұмабек Қаражанов атқаруда», - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Атырау әкімі 31 желтоқсанда еңбек демалысына шығып, 10 қаңтарда одан кері оралғаны хабарланған болатын. Ал ертесіне денсаулық жағдайына байланысты еңбек демалысына қайта шықанымен, жұмысқа қашан шығатыны белгісіз болған еді.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды