15.01.2022, 02:29
Жаңалықтар
Еңбек инспекторлары өткен жылы 5,8 млрд теңгеден астам жалақы бойынша берешекті анықтады
Кәсіпорын басшыларына 147,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды
Фото ашық дереккөзден
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2021 жылдың қорытындысы бойынша республиканың 1031 кәсіпорнында 25,4 мың жұмыскердің алдында 5,8 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1198 нұсқама беріліп, 147,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 23,3 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 5,6 млрд теңге төленді.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті