$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Төрт тәулік бойы далада түнеген Ақмола облысының екі тұрғыны табылды

Олар боранды күні жылқы іздеуге шыққан

Төрт тәулік бойы далада түнеген Ақмола облысының екі тұрғыны табылды
Фото ашық дереккөзден

Боранда адасып, төрт тәулік бойы далада түнеген Ақмола облысының екі тұрғыны аман табылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ресми мәліметке сүйенсек, биылғы жылғы 7 қаңтарда Шортанды аудандық ПБ кезекші бөліміне шаруа қожалықтарының бірінің басшысы хабарласып, екі жұмысшының далада жоғалып кеткенін айтты.

Шаруа қожалығы басшысының сөзінше, 4 қаңтар күні екі жұмысшы ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қарда жүретін көлікпен жылқы іздеуге шыққан. Біреуі Нұр-Сұлтан қаласының, екіншісі Целиноград ауданының тұрғыны.

 «Жедел іздестіру барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері капитан Арман Маминов пен майор Рүстем Садықов Шортанды ауданының Ключи ауылынан 20 шақырым жерден жоғалған адамдарды тапты. Анықталғандай, жұмысшылар қарда жүретін көлігі жолда істен шыққан соң, жаяу тартқан. Ақтүтек боранда олар балықшылардың күркесіне кезігіп, сонда көмек келгенше төрт тәулік түнеп шыққан», - деп хабарлады ведомство.


 

 

Серіктес жаңалықтары