$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе полициясы журналистерден куәгер ретінде жауап алынғанын мәлімдеді

Алаңға барып жұмыс істеген бес журналист полиция департаментіне шақырылған

Ақтөбе полициясы журналистерден куәгер ретінде жауап алынғанын мәлімдеді
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбеде бес журналист полиция департаментіне шақырылып, олардан жауап алынды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі БАҚ өкілдерінің куәгер ретінде шақырылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе облысында алаңға барып, жұмыс істеген журналистерден жауап алынды.

«4 қаңтардан бастап облыс әкімдігі алдындағы алаңда бірнеше күн митинг өтті. Қазіргі уақытта облыстық полиция департаменті жаппай тәртіпсіздіктің белсенді қатысушыларын анықтауға бағытталған жедел іс-шара жүргізіп жатыр. Соның ішінде күдіктілерді анықтау және бейнежазбаның бар-жоғын тексеру, түсініктеме беру үшін кейбір журналист куәгер ретінде шақырылды. Телефондарда сақталатын фото және бейне материалдарды зерделеу жүргізілуде. Тексеруден кейін байланыс құралдары иелеріне қайтарылады. Ведомствоаралық тергеу тобының барлық іс-әрекеттері тергеу прокурорымен келісілген және ҚІЖК нормаларын бұзуға жол берілмеген. Көрінеу жалған ақпарат таратуға жол берілмейтіні туралы ескертеміз. Төтенше жағдай кезінде мұндай дерек анықталса, ҚР ҚК 274-бабына сәйкес жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық көрсету, ғимараттарға шабуыл жасау, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру мен терроризм актілерінің барлық фактісі бойынша облыста сотқа дейінгі 14 тергеу басталды. Олардың ішінде аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 12 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.


 

 

Серіктес жаңалықтары