14.01.2022, 23:48
Жаңалықтар
Ақтөбеде төрт ер адам кәсіпкерден 2,5 млн теңге бопсалаған
Қазіргі уақытта аталған іске қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүруде
Фото ашық дереккөзден
Ақтөбеде төрт ер адам кәсіпкерден 2,5 млн теңге бопсалаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция бөліміне 37 жастағы кәсіпкер өтінішпен жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айының соңында Есет батыр көшесінде орналасқан жалдамалы пәтерде төрт адам зорлық-зомбылық көрсетіп, 400 мың теңге ақша қаражатын иемденіп, одан кейін 2,5 млн теңге бопсалаған.
Полиция қызметкерлерімен жедел іс-шаралар өткізу барысында күдіктілер анықтап, ұстады. Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабымен (Бопсалау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Аталған баптың санкциясында мүлкі тәркілене отырып, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 13:30
Астана – Арқалық: бүгін президенттің тапсырмасымен ішкі әуе рейстерінің жаңа бағыты іске қосылды
22.08.2026, 12:06
Қостанайда салық мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды