$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекет басшысы: «Қылмыс жасаған адамдар заң бойынша жауапқа тартылады»

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға басқа адамдардың кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсырды

Мемлекет басшысы: «Қылмыс жасаған адамдар заң бойынша жауапқа тартылады»
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғалары кезінде құқық бұзған адамдар жазаланатынын айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қасіретті қаңтар» оқиғалары кезінде және төтенше жағдай енгізілгеннен кейін түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін 2 мыңға жуық адам ұсталды. Қылмыс жасаған адамдар заң бойынша жауапқа тартылады», - деп жазды Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға басқа адамдардың кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсырды.

«Жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн», - деп атап өтті Президент.


 

 

Серіктес жаңалықтары