$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ДСМ Pfizer-ді ақылы негізде алу мәселесін қарастырып жатқан жоқ – Алматы қаласының санитарлық дәрігері

Вакцинаны жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер де ала алады

ДСМ Pfizer-ді ақылы негізде алу мәселесін қарастырып жатқан жоқ – Алматы қаласының санитарлық дәрігері
Фото ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі халыққа ақылы негізде Pfizer вакцинасын алу мәселесін қарастырып жатқан жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжапарова.

«Шын мәнінде Pfizer-ді Денсаулық сақтау министрлігі ақылы негізде беру мәселесін қарады. Ол үшін осы вакцинаны жеткізуші-өндірушімен келіссөздер жүргізілді. Бірақ бүгінгі таңда бұл мәселенің қажеті жоқ», - деді Әбдіжаббарова.

Оның айтуынша, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовтың қаулысына сәйкес аймақтық санитарлық дәрігерлердің медициналық қызметкерлер мен 60 жастан асқан адамдар Pfizer-ді қайта вакцинациялай алады. Бұған қоса, вакцинаны жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер де ала алады.

Серіктес жаңалықтары