«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент филиалында заң бұзушылық фактісі анықталды
«Табиғи монополиялар туралы» заң бұзылды
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалының іс-әрекетіне қатысты 4 азаматтан өтініш келіп түсуіне байланысы жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша тексеріс кезінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалы берілген техникалық шарттарға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарында реттеліп көрсетілетін қызметке түрлері көрсетілгенімен іс жүзізінде іске қосылмаған.
«Бұл өз кезегінде «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24 және 26-баптарын өрескел бұзу. Осыған байланысты департамент «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалына қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзушылықтарды дереу жою туралы нұсқама енгізді», − делінген баспасөз хабарламасында.