14.01.2022, 10:29
Жаңалықтар
Қазақстанның тағы үш облысы коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа өтті
«Жасыл» аймақта үш-ақ облыс қалды
Фото: tengrinews.kz
14 қаңтарда Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа, Алматы және Жамбыл облыстары «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа көшті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Covid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан өңірлеріндегі COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 14 қаңтардағы жағдай бойынша мынадай жағдай қалыптасты:
- «Қызыл» аймақ: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстары;
- «Сары» аймақ: Алматы, Жамбыл және Қостанай облыстары;
- «Жасыл» аймақ: Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.
Көп оқылған
25.08.2026, 18:17
Ақмолалық ер адам өзінен 17 жас кіші бойжеткеннің үйіне түнде кіріп, суретке түсірген
25.08.2026, 19:10
БҚО-да әйел адам сүйіктісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді
25.08.2026, 22:16
Тісін, қабырғасын сындырған: БҚО-дағы тойда «тентек кәде» дәстүрі төбелеспен аяқталды