СҚО-да жолдың тазаланбауынан бес көлік апатқа ұшырады

Azattyq Rýhy

Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

Фото ашық дереккөзден

Петропавлда жолдың уақытылы тазаланбауынан бір жерде екі жол көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Апат Интернационал көшесінің бойында болған. Алдын ала болжам бойынша Audi көлігі сол жаққа бұрылмақ болғанда, оның артынан ВАЗ және Mercedes көліктері тоқтап үлгермеген.

 Ал бір сағаттан кейін осы маңнан өтіп бара жатқан Matiz бен Газель соқтығысып қалады.

Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Жол сақшыларының айтуынша, облыс орталығында бүгін түске дейін бес, ал соңғы екі тәулікте 24 жол апаты тіркелген.

 «Менің алдымда үш көлік соқтығысып қалды. Сондықтан бірден жылдамдықты түсіріп, оң жаққа қарай бұрылдым. Бірақ артымнан газель келіп соқты. Бастысы зардап шеккендер жоқ. Жол қардан уақытылы тазаланбаған. Оның үстіне көктайғақ», – деді жүргізуші Қайрат Нұғманов. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.