$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда ерлі-зайыпты желтоқсаншылар оққа ұшып, көлікте тірідей жанып кеткен

Оларға оқ жаудырғындар кімдер екені әзірге белгісіз

Алматыда ерлі-зайыпты желтоқсаншылар оққа ұшып, көлікте тірідей жанып кеткен
Экспресс К

Алматыда ерлі-зайыпты жантүршігерлік жағдайда қаза тапты. Марқұмдардың туыстарының айтуынша, олар 7 қаңтарда Назарбаев және Сәтпаев көшелерінің қиылысында оққа ұшып, көлігінде тірідей жанып кеткен, деп хабарлайды Экспресс К.

Қаза тапқан ерлі-зайыпты желтоқсан оқиғасына қатысқандар. Оларға оқ жаудырғындар кімдер екені әзірге белгісіз.

64 жастағы Гүлзифа Құлсұлтанова мен 73 жастағы Қуат Биткенбаев 7 қаңтар күні сағат кешкі 19:00-дер шамасында үлкен қызының үйінен қонақтан шығып, үйлеріне қайтқан. Олар Назарбаев көшесімен түсіп, Сәтпаев көшесіне бұрылмақ болған екен.

Сол кезде белгісіз біреулер марқұмдардың көлігіне оқ жаудырған. Соның кесірінен жанармай багы жарылып, марқұмдар көлікте тірідей жанып кеткен. Қаңқасы ғана қалған көлікте ерлі-зайыптының сүйек қалдықтары әлі жатыр.

«Қазір полиция тексеріп жатыр. Өйткені алаңдағы "Сергек" камералары әлі толық зерттелмеді. Назарбаев көшесінен өткенде көліктің сол жақ қапталынан атқан. Көліктің багы тесілген. Қауіпсіздік белдіктері де шешілмеген күйі жанып кеткен. Қаңқаларын алып кетті екеуінің. Міне әкемнің жамбас сүйегі жатыр, мамамдыкі әне шашылып жатыр. Әкемнің бас сүйегі міне жатыр", — деді марқұмдардың ұлы Мәулен Биткенбаев.

Марқұмдардың денесі бүгін Алматыда жер қойнына тапсырылды.

 

Серіктес жаңалықтары