Жаңбыр, қар: «Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

Azattyq Rýhy

Солтүстік аймақтарда күндізгі уақытта 0-5 градус аяз болады деп күтілуде

Жаңбыр, қар: «Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады
Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Биылғы қыс, қазақстандықтарды салыстырмалы түрде жылы ауа райымен еркелетуде. Синоптикалық процестер тез өзгеріп, бірде аяз, бірде жылу әкелуде. Қазірдің өзінде тағы бір антициклон, ел аумағынан шығып, өзімен бірге аязды алып кетуде.

Ал батыстан циклон тез қозғалуда. Ол еліміз арқылы жылжып, 15 қаңтар күні Қазақстанның барлық облыстарын қамтитын болады. Өзімен бірге аталмыш циклон — жаңбыр мен қар, екпінді жел мен көктайғақ құбылыстарын ала келеді.

Ал термометр бағаналары тез көтеріледі, тіпті солтүстік аймақтарда күндізгі уақытта 0-5 градус аяз болады деп күтілуде», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.