12.01.2022, 12:44
Жаңалықтар
Қазақстанның барлық өңірінде ХҚО-лар жұмысы қалпына келтірілді – министрлік
6 қаңтарда Қазақстанда төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты ХҚО-лардың жұмысы уақытша тоқтатылған
Фото ашық дереккөзден
12 қаңтарда Алматы облысының ХҚО-лары қайта қызмет көрсете бастады. Жұмыс кестесі 9:00-ден 17:00-ге дейін (дүйсенбі-жұма аралығында). Бұл туралы Azattyq Rýhy Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Еске сала кетейік, 6 қаңтарда Қазақстанда төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты ХҚО-лардың жұмысы уақытша тоқтатылған болатын.
10 қаңтарда ХҚО-лар Алматы қаласы мен Алматы облысын қоспағанда, Қазақстанның барлық өңірінде іске қосылған.
Ал 11 қаңтарда Алматы қаласының ХҚО-лары жұмыс істей бастады. Қазіргі уақытта ХҚО-лар еліміздің барлық өңірінде жұмыс істеп тұр.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты