11.01.2022, 23:20
Жаңалықтар
Жамбыл облысына бүлік кезінде 7,6 млрд теңге шығын келген
Жалпы сомасы 726 млн теңгенің көліктері зақымданып, жанып кеткен
Фото ашық дереккөзден
Таразда жаппай тәртіпсіздік кезінде келген шығын көлемі анықталды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, өңірде бүлік кезінде 4 полиция ғимараты, облыстық әкімдік және Нұр Отан партиясының ғимаратынан бөлек, 4 бизнес нысан тоналып зардап шеккен.
Алдын ала жүргізілген есеп бойынша жалпы көлемі 7,6 миллиард теңге шығын келген.
149 автокөлік зақымданған. Оның 77-сі өртенген. Жалпы сомасы 726 миллион теңгенің көліктері зақымданып, жанып кеткен.
Айта кетейік, Таразда өткен түні тағы 26 адам ұсталды. 168 адам 15 тәулікке қамалып, 20 қылмыстық іс қозғалды
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады