$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда «сұйылтылған газ бағасын келісіп көтерді» деген күдікке ілінген 22 кәсіпкер тергеуге алынды

Соңғы уақытта өңірде автогаз бағасының шектен тыс өсуіне байланысты шағым көбейген

Атырауда «сұйылтылған газ бағасын келісіп көтерді» деген күдікке ілінген 22 кәсіпкер тергеуге алынды
Фото ашық дереккөзден

Атырау облысында автогаз сататын 22 кәсіпкерге қатысты тергеу басталды. Олар «өзара келісіп, сұйытылған газ бағасын көтерді» деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментіне сілтеме жасай отырып.

Департамент мамандарының мәліметінше, соңғы уақытта автогаз бағасының шектен тыс өсуіне байланысты шағым көбейіпті. Желтоқсанда жүргізілген тексеріс осындай олқылықтардың бетін ашқан.

 Айта кетейік, қараша айында бағасы 110 теңге болған сұйытылған газ қазір 50 теңгеден сатылып жатыр.

«Егер кәсіпкерлердің кінәсі анықталса, олар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша жауапқа тартылады. Шағын және орта кәсіп иелері кірісінің 3%-ін, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері кірісінің 5%-і көлемінде айыппұл төлейді», - деді облыстық Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы Айгүл Нәбиева.

Серіктес жаңалықтары