$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қазақтелеком» басшысы компания кеңселеріне шабуыл жасалғанын мәлімдеді

Лаңкестердің компаниялар тобына келтірген шығыны 1 млрд теңгеден асады

«Қазақтелеком» басшысы компания кеңселеріне шабуыл жасалғанын мәлімдеді
Фото ашық дереккөзден

"Қазақтелеком" компаниясының басшысы Қуанышбек Есекеев компания кеңселеріне заңсыз күштердің шабуылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компания басшысы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, мына кеңселерге шабуыл жасалған: негізгі байланыс орталығы орналасқан Алматыдағы технологиялық ғимарат, Алматы және Талдықорғандағы "Алматытелеком" өңірлік телекоммуникациялар дирекциясының ғимараттары, Алматы, Талдықорған, Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы KCell және Tele2 кеңселері.

"Алматыда және басқа қалаларда орналасқан кеңселерге бұқаралық коммуникация құралдарын тартып алмақ болған заңсыз күштер шабуыл жасады. Біздің қызметкерлер лаңкестерге тойтарыс беріп, барлық жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті.Сонымен қатар ұялы байланыстың 50-ден аса базалық станциялары зақымданды, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Лаңкестердің компаниялар тобына келтірген шығыны 1 миллиард теңгеден асады. Ең көп зардап шеккен Kcell компаниясы: Алматы мен Алматы облысында 6 Kcell дүкенін тонап кеткен. Сонымен қатар, компанияның екі үлкен кеңсесіне де шабуыл жасалды. "Қазақтелеком" әдеттегідей жұмысын жалғастырып жатыр", - деп жазды Қуанышбек Есекеев.

 

Серіктес жаңалықтары