Мұхтар Тілеуберді ЕҚЫҰ төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

Azattyq Rýhy

тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Сыртқы істер министрінің м.а. Мұхтар Тілеуберді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Төрағасы – Польша Республикасының Сыртқы істер министрі Збигнев Раумен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды

Министр поляк әріптесін елдегі жағдай туралы, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы бітімгершілік күштерінің қатысуымен жүргізіліп жатқан терроризмге қарсы операция туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

ЕҚЫҰ іс басындағы Төрағасы жақындағы қайғылы оқиғаларға байланысты Қазақстанға қолдау білдіріп, қаза тапқан қазақстандықтардың жанұяларына көңіл айтты және тез арада шиеленістің деэскалациясы мен елдегі жағдайдың тұрақтануын тіледі.

Сонымен қатар, тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.