$ 523.86  544.34  5.11
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ҰҚК уәкілетті орган ретінде жұмысқа нақты баға бере алмады және бергісі келмеді – Тоқаев

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары жұмысын сынға алды

ҰҚК уәкілетті орган ретінде жұмысқа нақты баға бере алмады және бергісі келмеді – Тоқаев

Елде болған жаппай тәртіпсіздікте террористердің кәсіби сценариі қолданылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламент Мәжілісінің отырысында айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің болған жағдайға нақты баға бере алмауын сынға алды.

«Бұл ретт Жамбыл облысындағы тәртіпсіздіктер, этносаралық негізде түрлі арандатулар және басқа да қақтығыстар бар. Кәсіби дайындалған сецнарийді қолдана отырып біздің қоғамның бірлігін, наразылық акциясы арқылы бұзуға тырысты. Радикалды шаралардың нақты орындаушыларын дайындау қырағылықпен жүргізілді. ҰҚК уәкілетті орган ретінде осы егжей-тегжейлі жұмысқа нақты баға бере алмады және бергісі келмеді, ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіпті көрмеді. Шабуылды ұйымдастырушы тек кез-келген жағдайда пайда болатын себеп таба алды. Құрал ретінде автогаз бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығы қолданылды. Әрі қарай оқиғалар тізбекпен дамыды», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары